ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру» тоғызқұмалақ сайысы
№38 ЖНМ спортзалында 1-9 сыныптар аралығында 12-13.12.2018 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру» тоғызқұмалақ сайысы өткізілді. Сайысқа 16 ойыншы қатысты. Ойындар швейцариялық (Блиц) системасымен өткізілді.
Ойындар өте қызықты өтті, көрермендерді қызығушылыққа батырды.
Нәтижесінде 1 орын Ақтан Әділет 7«А» сынып оқушысы, 2 орын Мамбарьянов Темирлан 5 «Б» сынып оқушысы және 3 орын Ақат Санжар 6 «Ә» сынып оқушысы
Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталады.