Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектебімізде Наурыз мейрамы тойланды.
27-03-2019 09:10
Мектебімізде Наурыз мейрамы тойланды.

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін  №38 мектеп ұжымы жоғары жауапкершілікпен атап өтті.

Мереке мектепішілік  құрылған жоспар бойынша өтті.Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты:  оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

2019 жылдың 18-наурызында 1-4 сынып тойласа, 19- наурыз күні 5-9-сынып оқушылары «Наурыз думан» атты мерекелік іс-шара мектеп мұғалімдерінің бастамасымен өз деңгейінде өтті. Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең әдемі дастархан», «Ең дәмді көже» және «Ең керемет дәстүр» атты 3 кезеңнен тұрды.

            Әр сынып, аса қасиетті - Наурыз көжеден дәм тата отырып, дәстүрлерін көрсетті. Дастархан тәтті-дәмді ұлттық  тағамдарға толы болды. Бұл дәмнен барлығы ауыз тиіп, үстел басындағы оқушылар бір-біріне ақ тілектерін жаудырды.