Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Өнерлінің қолы алтын» шеберлік сағаты
09-12-2019 15:50
«Өнерлінің қолы алтын» шеберлік сағаты

  

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 6- желтоқсанда "Павлодар қаласының № 38 жалпы негізгі білім беру мектебі" ММ мәжіліс залында қазақстандық патриотизм идеясын, туған өлкенің мәдениеті мен тарихын, дәстүрін құрметтеуге және қызығушылығын оятуға бағытталған «Өнерлінің қолы алтын» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға қонақ ретінде 7-8 сынып оқушылары, сәндік – қолданбалы өнер мұғалімдері, Мойылды ауылының ұлттық тігін шеберлері, Мойылды ауылы мен  Ақсу қаласының халық шеберлері шақырылды.  Бұл іс-шара домбыра әуенімен  және «Менің өлкем» әнімен басталды.

         Ұлттық тігін шеберлері : Ханкөкей Мағрипа, Тұрдыхан Мерзімхан балаларды құрақ мозаикасы, қошқар мүйіз және басқа да қазақтың ою-өрнектерін жұмыста пайдалану сияқты сәндік-қолданбалы өнердің кейбір түрлерімен таныстырды.

          Қасанова Әсем, Орханбай Алтынгүл әйелдер әшекейлеріне байланысты қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы айтып берді. Оқушылар жаңа туған қызға қандай әшекейлер бергенін, қыздар қандай зергерлік бұйымдармен әшекейленгенін білді. Зергерлік бұйымдар тек әшекей ғана емес, әйелдің әлеуметтік көрсеткіші болып табылады яғни қыздың тегі, жасы, тұрмыста немесе тұрмыста жоқ екендігін білдірген.

         Ақсу қаласынан келген  қамшы дайындау шебері Хамантай Жиенхан өзімен көп қамшы алып келіп, оқушыларға қамшының шығу тегі, түрлері және қолдану мақсаты туралы әңгімелеп берді.

         Іс-шараның екінші бөлімінде 7-8 сынып оқушылары өз әсерлерімен бөлісті, бірнеше материалдар мен ыстық желімнің көмегімен әйелдердің ұлттық әшекейлерін өз бетінше жасап, шикі тері жолақтарынан қамшы өруге тырысты.

         Қонақтардың шеберлік сағаты өте танымды өтті яғни оқушылар жадында ұзақ уақыт қалары сөзсіз.   Осы іс-шарадан кейін қазақ тілі кабинетіне қойылған оқушылардың үздік жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

         Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахматулина Алма Баязитқызы айтып өткендей, ауыл тұрғындары дастархан үстінде  бұдан әрі басқа шеберлерді тарта отырып шеберлік сағатын өткізуді ұсынды.