Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар қаласының ауылдық аймақтары арасында тоғызқұмалақ бойынша турнир
29-01-2020 10:06
Павлодар қаласының ауылдық аймақтары арасында тоғызқұмалақ  бойынша турнир

      

Тоғызқұмалақ - интеллектуалды спорт ойындарының ішіндегі ең күрделісі және ол бір мыңжылдықты ғана қамтымайды. Бұл өте күрделі ойын, қазақтар оны "малшылар алгебрасы" деп тегін атаған жоқ, бұл ойын математикалық ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылыққа тәрбиелейді деп санаған. Ойынның негізіне түркі халықтарының киелі санаған 9 саны алынған. Тоғызқұмалақ бұрыңғы  кезде өте пайдалы іс деп саналды.Мысалы, атақты қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы өз округіндегі ең мықты ойыншы болған, ол апталап ойын тақтасынан бас алмай ойнап, басқа уездерден келген атақты адамдарды жеңген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылдың 25 қаңтарында Мойылды ауылында, №38ЖНМ тоғызқұмалақ турнирін өткізу туралы шешім қабылданып,Павлодар қаласының ауылдық елді мекендерінен ондаған спортшылар күш сынасуға ағылды.  Осы зияткерлік ойынның 70 өкілі ақыл ептілігі турниріне қатысты. Турнир 4 санатта 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 16 жастан асқандар және ерлер мен әйелдер арасында өтті. Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 7 турдан өтті (7 минуттан).  Жарыс "Мойылды ауылы әкімінің аппараты" ММ және "Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ қолдауымен өтті.

Ауыл әкімі Ақылбек Оңғарұлы Смағұлов қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Ол турнирді өткізудің негізгі мақсаты тұрғындар арасында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ ойынын насихаттау және танымал ету, бос уақытты толыққанды тоғызқұмалақ ойыны арқылы ұйымдастыру, сондай-ақ  Павлодар қаласының ауылдық аймақтарының тұрғындары арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Турнирдің қонақтары Мойылды ауылының құрметті тұрғындары, сондай-ақ ауылдық елді мекендерден келген қонақтар.

Ойын толық өте тартысты өтті, өйткені әр жас санатында соңғы турға дейін кім жеңімпаз болатыны анық болмады. 

Әр санаттағы үздік ойыншылар:

16 жасқа дейінгі ұлдар арасында:

Жүлделі I орынды Нугманов Данат Лениский ауылының №33ЖНББМ оқушысы.

Жүлделі II орынды Тілеубек Мұстафа Мойылды ауылының №38 ЖНББМ оқушысы.

Жүлделі III орынды Жоманов Санат Лениский ауылының №33ЖНББМ оқушысы.

16 жасқа дейінгі қыздар арасында:

Жүлделі I орынды Кабдулмажит Аяжан Кенжекөл ауылының №33ЖНББМ оқушысы.

Жүлделі II орынды Береке Еркежан Лениский ауылының  №33ЖНББМ оқушысы.

Жүлделі III орынды Алькеева Дильназ Мойылды ауылының №38ЖНББМ оқушыс.

Ерлер арасында:

Жүлделі I орынды Бекбаев Бекзат  Жетекші ЖОББМ мұғалімі.

Жүлделі II орынды Қайыргелді Азат  Кенжекөл аулының тұрғыны.

Жүлделі III орынды Нуралинов Кайсар Павлодар ауылы №40 ЖОББМ мұғалімі.

Әйелдер арасында:

Жүлделі I орынды Асылбек Жанбота Павлодар ауылының №40 ЖНББМ мұғалімі.

Жүлделі II орынды Шакубаева Балнур  Павлодар ауылының  №40 ЖНББМ мұғалімі.

Жүлделі III орынды Маметова Назым Жетекші ауылының ЖОББМ мұғалімі.

       Ауыспалы кубокты  Жетекші ауылының ЖОББМ –теп  командасы ұтып алды. Жарыс соңында жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылар атап өткендей, "Тоғызқұмалақ" ұлттық ойыны бойынша біріншілік өз жалғасын тауып, бірлік мерекесінің жыл сайынғы дәстүріне  айналмақ.