Телефон доверия
8(7182)67-61-98
email: sad42@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «№ 42 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК бір қатар іс-шаралар өткізілді.
30-11-2021 18:04
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «№ 42 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК бір қатар іс-шаралар өткізілді.

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні бүкіл республика бойынша мерекеленеді. Оған тарихта маңызды орын беріледі. Қазақстан Президенті мемлекеттік билік пен халық бірлігінің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Осы мереке қарсаңында тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «№ 42 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК бір қатар іс-шаралар өткізілді.

Тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының әнұранын салтанатты түрде орындады. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы фильмнің сюжеттерін тамашалады. Президенттің өмір жолы мысалында педагогтар балаларға туған жерге, білімге, еңбекке, үлкендерді құрметтеуге баулыды. Балалар Қазақстан мен Президент туралы өлеңдерді үш тілде мәнерлеп оқыды.