Телефон доверия
8(7182)67-61-98
Адрес: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
№42 мектепке дейінгі гимназияда "Жұлдызды шаңырақ" мерекелік шарасы өтті!
20-03-2025 12:42
№42 мектепке дейінгі гимназияда
Наурыз - көктемнің, жаңарудың, татулық пен бірліктің символы. Осы ерекше мейрамға орай №42 мектепке дейінгі гимназиясында "Жұлдызды шаңырақ" атты әсерлі іс-шара ұйымдастырылды.
Ата-аналар мен бүлдіршіндер ұлттық салт-дәстүрге негізделген қызықты сайыстарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, қазақтың бай мәдениеті дәріптелді.
Осындай шуақты сәттерді бірге бөліскен барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз! Ұлыстың Ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!