Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)67-61-98
Адрес: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
Құрметті ата-аналар! 2 мамырдан бастап балабақшаны қаржыландыру енгізіледі. "Ваучер" легеніміз - әр балаға мемлекеттен бөлінетін "виртуалды ақша" , бұл қаражат балабақшаны қаржыландыруға бағытталады.
05-05-2025 09:42
Құрметті ата-аналар! 2 мамырдан бастап балабақшаны қаржыландыру енгізіледі.
Бүгінгі күні біздің балабақшадағы барлық тәрбиеленушілер автоматты түрде "ваучердің" иелері болып табылады. Егер ата-аналар тарапынан ваучерлік қаржыландырудың шарттары бұзылатын болса, баланың ваучері қайтарып алынады, яғни бала балабақшадан шығарылады!
Ата-аналар 2 мамырдан бастап келесі өзгерістерді міндетті түрде сақтауы тиіс:
1. Егер бала ауырып қалса, міндетті түрде дәрігерден анықтама (QR-коды бар анықтама) әкелу қажет. Жекеменшік медициналық ұйымнан алынған анықтамада міндетті түрде үш мөр болуы тиіс: мекеменің мөрі, дәрігердің мөрі және анықтамаға арналған мөр.
2. Баланы себепсіз балабақшаға жібермей қалмау керек. "Айына 3 өтініш" деген ереже енді жоқ. Егер негізді себеп болса, дәлелді құжатпен баланы балабақшадан қалдыруға болады. Бірақ баланы себепсіз қалдыруға тек 40 күн ғана рұқсат етіледі. Бұл 40 күн бір күнтізбелік жылға есептеледі. Мысалы, егер ертең бала себепсіз балабақшаға келмесе, сіздің 40 күннің бір күні шегеріледі., яғни сізде 39 күн қалады. Егер бала барлық 40 күнді пайдаланып, тағы бір күн "яғни 41-күн) себепсіз қалса, ваучері автоматты түрде қайтарылады және балабақша баланы шығарады.
3. Балаға демалысқа 60 күн бөлінеді.
* Егер бала 3 күн немесе одан да көп себепсіз қалса, міндетті түрде денсаулығы жақсы деген анықтама әкелуі тиіс.
* 1 мамырға дейінгі өтініштер мен демалыстар есепке алынбайды!
* Сондай-ақ, әр айдың 1-10 аралығында әр ата-ана INDIGO24.KZ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіріп, баласының келу табеліне растауы тиіс. Назар аударыңыздар: табельді растауды екі айдан артық қалдыруға болмайды. Үшінші айда растау жүргізілмесе, бала ваучерінен айырылады және балабақша баланы шығарады.
* Алғашқы табельді (мамыр айы үшін) 1-10 маусым аралығында растаймыз!
* Егер сізде сұрақтар туындаса немесе жеке кабинетке кіруде қиындық болса, балабақша әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.