№42 мектепке дейінгі гимназияда Отан қорғаушылар күні қарсаңында балаларға арналған SPORTFEST өтті.
Мереке аясында тәрбиеленушілер топ-топқа бөлініп, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті.
SPORTFEST жылы әрі қуанышты атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.











