Телефон доверия
8(7182)67-61-98
Адрес: Ак. Шөкин көшесі 33
8(7182)67-61-98 қабылдау бөлмесі 8(7182)67-61-97 бухгалтерия 8(7182)67-61-96 вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, жұма -сағат 15.00- 17.00 дейін.
«Менің Қазақстаным»
19-12-2019 11:31
 «Менің Қазақстаным»

16 желтоқсанда қазақстандықтар еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік Күнін атап өтеді. Дәл осы күні 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданды.

Мереке қарсаңында ересек, даярлық топтарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балалар би билеп, ән айтып, Қазақстан Республикасы туралы үш тілде тақпақтар оқыды. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Ертеңгіліктер салтанатты және қуанышты күйде өтті. Балалар мен қонақтар үшін мереке ұмытылмас әсер қалдырды. Әндерде, билерде, ойындарда, аспаптық композицияларда өз Отанына деген махаббат, оның жетістіктері үшін мақтаныш, болашаққа деген сенім көрініс тапты.