Ашық есік күні
Даярлық "Б" тобының тәрбиешісі А.С.Шалғымбаева "Отбасылық старттар" атты спорттық мереке өткізді, онда тәрбиеленушілердің ата-аналары белсенді қатысты. Олар балалармен тең дәрежеде жарысты. Барлығы сергектік пен күш қуатын алды.
Ересектер тобында - тәрбиеші А.П.Доленко - "Барлық отбасының қауіпсіздігі" отбасылық командалар жарысын өткізді. Аналарының бастамасымен 3 команда қатысты, балаларға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін үйретті. ӨҚН бойынша балалар жақсы білім игергендіктерін көрсетті.
Ересектер тобының тәрбиешісі Л.Н.Алдакимова "Адамгершілік қарым-қатынастағы тәрбиеде жамандық пен жақсылық" мектепке дейінгі тәрбиеде әлеуметтік - адамгершілікке байланысты сабақ өткізді. Тәрбиеленушілер жақсылықтың елінде саяхаттады.