Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша түсіндіру жұмыстары
2022 жылғы 22 қазанда «Павлодар қаласының №82 арнайы сәбилер бақшасы»КМҚК әкімшілігі ата-аналарға мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуды өзектендіру және білім беру процесінің тиімділігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, өткізді.
Сондай-ақ, көру қабілеті бұзылған балалармен тәрбие мен даму, емдеу-қалпына келтіру және түзету жұмыстары мәселелері қаралып, талқыланды.
