«Менің әлемім» байқауы
2022 жылдың қараша айында біздің тәрбиеленушілер Павлодар қаласының «ARCUS» даму орталығы – ақыл - ой кемістігі бар тұлғалар үшін ҚҰ өткізетін бала жылына арналған «Менің әлемім» атты ІІІ облыстық бейнелеу интернет –конкурсына қатысты. Байқаудың тақырыбы: «Менің достарым».
Байқау қорытындысы бойынша Омарова Зере «Менің бақытты балалық шағым» жұмысы үшін ІІ жүлделі орынға ие болды; ынталандыру дипломдарын Тишпаева Диана – «Менің достарым менімен болған кезде», Гизитдинов Рустам –«Мен және менің достарым» алды. Тәрбиеленушілер Төлеу Адина, Петрова Алена, Ғалымжан Айсұлтан, Әбдірахманов Алдияр сертификаттар алды. Құттықтаймыз!
