Инклюзивті білім беру кеңістігін құру принциптері мен шарттары
2022 жылғы 21 желтоқсанда «ППУ» КЕАҚ «Инклюзивті білім беру кеңістігін құру принциптері мен шарттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
№82 балабақша тәрбиешісі Захарова Наталья Владимировна «Кардмейкинг» арқылы сындарлы дизайн процесінде көру қабілеті бұзылған балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды. 3 дәрежелі дипломмен марапатталған. Құттықтаймыз!
