«Әкем, анам, мен тату отбасымын»
25 қаңтарда балабақшада мектепалды топ тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әкем, анам, мен тату отбасымын» атты спорттық мереке өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарын дене шынықтыру-спорт қызметіне тарту. Балалар мен ата-аналардың командалары бір - біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп, «Қарлы кесектер», «Әттеген-ай шауып өтер едім!», «Мақсатқа жету», «Хоккей ойыны» ойындарымен жарысқа түсті. Мереке атмосферасында спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс болды. Қысқы ойын-сауық өте көңілді және тартымды өтті! Барлық қатысушылар дипломдар мен сыйлықтар алды.




