«Көңілді старттар»
17 ақпанда біздің тәрбиеленушілер мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «Көңілді старттар» қалалық байқауына қатысты. Спорттық мерекенің атмосферасы қуанышты да, сонымен бірге шиеленісті болды. Қатысушылар күш, ептілік пен төзімділік танытып қана қоймай, командада жұмыс істей білді. Жарыста жеңілгендер болған жоқ, барлық балалар керемет сергектік, жағымды эмоциялар теңізіне ие болды.«Көңілді старттардың» барлық қатысушылары грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

