Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 мамыр мерекесі қарсаңында балабақшада Қазақстан халықтарының достығы фестивалі өтті. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал – мәтелдер айтып, ән шырқап, әр тілде тақпақтар оқыды, осылайша бір – біріне дос болып, көмектесе алатындарын дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды.
Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етеді, адамгершілік және патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.