Балабақшаның топтары мен музыкалық зал жылтырақтармен, жалтыраған жаңбырлармен, жаңа жылдық гүл тізбектерінің жүздеген жарықтарымен жарқырап тұр. Мерекеге тек балалар ғана емес, сонымен қатар олардың аналары, әкелері, апалары мен аталары да келді. Ғажап жаңа жылдық кереметтер мен оқиғаларды үміттене күтіп, барлығы музыкалық залға, өзінің қонақтарын күтіп тұрған орманың сұлуы - шыршаға көтерілді. Үлкендердің көбінде балабақшадағы жаңа жылдық мерекелер туралы естеліктері, дәл осы шыршамен, Аяз ата мен Ақшақардың келуімен байланысты. Жаңа жыл - бұл балалар үшін, үлкендер де үшін әрқашан қуанышты ертегі.
Ақшақардан көңілді әндер, құттықтау өлеңдері, театрлы қойылымдар, қимылды ойындар, хороводтар, жылы құттықтаулар мен Аяз атадан тәтті сыйлықтар, Мыстан Кемпірдің зұлым қастықтары, бірақ зұлымдықты мейірімділіктің толық жеңуі мерекенің қорытынды аккорды.
Әр ертеңгілік өздігінен қызықты. Ертегі сезімдері балалар мен ата-аналарды ертеңгіліктен кейін де тастамайды. Ең басты ғажап жақында - жаңа жылдық түнде болу керек!
