Кішкентай олимпиадашылар
Сочи қаласындағы өтілетін қысқы олимпиада ойындары қарсанында № 82 сәбилер-балабақшасында МҚКК Е.Г.Матвиенконың жетекшілігімен даярлық топтарында балалар үшін олимпиадалық ойындар өтті. Біздің сәбилер-балабақшасының басты тапсырмасы салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру, сол себепті біз жыл сайын әр түрлі спорттық ойындарды өткіземіз. Залдың іші плакаттар мен ұрандар, қысқы олимпиада ойындарының нышандарымен безендірілген. Ойындардың бағдарламасына сыннан өтудің барлық түрлері енгізілген және балалардың дайындығы мен жас ерекшелігі есепке алынған.Көңілді әуен, балалардың жалынды күлкілері, жанкүйерлердің қолдаулары - барлық осы әуенді сурет, нақты қатысушылардың ғана емес сонымен қатар келушілердің де қызығушылығын арттырды. Осы кішкентай олимпиадалық ойындардың соңында барлық қатысушылар тәтті-дәмді сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.