Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Мемлекеттік рәміздер алаңында сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері саяхатта болды. Бұл жұмыстың мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыру; Ту туралы, елтаңба туралы балаларға оның мемлекеттік рәміз екендігі туралы, оның шығу тарихы туралы, заманауи өмірдегі маңызы туралы түсінік беру; Рәмізге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балалар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Ту мен Елтаңбаның әрбір нышаның қарастырды.