Денсаулық пен спорт апталығы.
23-і мен 27-і маусымда денсаулық және спорт апталығы өтеді. Топтарда күн тәртібі туралы тақырыптық әңгімелер, жаттығу мен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесулер өтеді, тәрбиешілер балаларды спорттың әр түрімен таныстырады.Мектепке дейінгі жастағы барлық топтарда спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы қозғалмалы ойындар ұйымдастырылады. Бүгін естиярлар мен ересек топтарының балалары дәрігер Айболитті қонаққа шақырды. Ол балаларға өздерінің денсаулығын нығайту мен қалай сақтаудың қажеттігін естеріне салды. Дәрігер Айболит Мойдодырдың тарихы туралы естеріне салды, балалармен көңілді жаттығу жүргізді және нәтижесінде балаларға дәрумендер сыйлап, оларға мықты денсаулық тіледі!