Дүниежүзілік көру қабілеті күні
13 қазан күні біздің мекемеде "Өзіңнің көзінді сақта!" атты Дүниежүзілік көру қабілеті күніне арналған ойын - сауық шарасы өтті. Бұл іс-шараға даярлық тобының және ересектер топтарының тәрбиеленушілері қатысты. "Глазария" музыкалық жаттығуы сергектік күшін берді, сол себепті эстафеталар мен конкурстарда қызықты жарыста, ептілікті, жылдамдықты балалар көрсете білді. "Көз жанары үшін не пайдалы?" ойынымен мереке тамамдалды. Бүгін дүниежүзілік көру қабілеті күні, жер шарындағы әрбір адам өзінің көз жанарының саулығы туралы ойлануы қажет. Алдын алу мақсатында офтальмологқа үнемі барып тұру және ерте жастан көз гигиенасы ережесін қадағалау - көп жылдар бойы көру өткірлігін сақтауға ықпал етеді.