«ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАР»

2016 жылғы 26 мен 29 желтоқсан аралығында барлық жас ерекшелігі топтарында жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Балалар ертегі әлеміне еніп, ғажайып оқиғаларға, әндерге, думанға, биге, ойындарға, конкурстарға, тосын сыйларға қарық болды және Аяз Ата және Ақшақар, Мыстан Кемпірмен және басқадай ертегі кейіпкерлерімен ұмытылмас кездесуді өткізді. Аяз Ата барлық балаларға ғажайып сыйлықтар тарту етті. Ал балабақшаның қызметкерлері үшін жаңа жылға деген ең жақсы сыйлық балалардың және олардың ата – аналарының шексіз қуанышқа толы сәттері болды.