«Еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену – Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолында базалық құндылықтарды қалыптастыру» (Н.А.Назарбаев). 9 желтоқсанда балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, салтанатты жиналыс болып өтті. Балабақшаның басшысы Т.Ф.Шульга «Қоғам мен мемлекетті дамыту кезеңдерінің қалыптасуы» атты баяндамасымен сөз алды, онда Тәуелсіздіктің 7 жетістіктері айтылды. Мерекеге орай қызметкерлер білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды, «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасы» МҚКК білім беру бөлімінен еңбек кітапшасына енгізумен қызметкерлерге алғыс жарияланды. «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне жаңадан қабылданғандарға партия билеті салтанатты түрде берілді.


