"МЫҢ БАЛА" КОНКУРСЫ

Балабақшада «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы бағдарламасы бойынша «Мың бала» конкурсының іріктеу туры өтті, конкурстың мақсаты мемлекеттік тілді үйрену арқылы халықтар бірлігі мен жалпы ынтымақтастықты нығайту. Конкурсқа балабақшаның өзге ұлт өкілдерінің тәрбиеленушілері қатысты. Конкурсты дайындап, өткізген қазақ тілі мұғалімі – Г.Р.Мұсалдинова. Конкурстың қорытындысы бойынша финалға Данил Елохин «Отан» көркем сөз оқумен шықты. Тәрбиеленуші облыстық турға өтті. Құттықтаймыз!