БАРЛЫҒЫ СЕНБІЛІККЕ!!!
Сәуір айында балабақшаның жұмыскерлері сенбілік өткізді. Мектепке дейінгі мекеменің барлық қызметкерлері осы еңбек меркесінің идеясын позитивті түрде қабылдады, балабақшаның аумағын тазалауға шықты. Ұйымшыл ұжым үлкен ынтамен жұмысқа кірісті: қыста жиналған қоқыстарды жинады, жолақтарды сыпырды, ағаштарды, гүлзарлар мен бұталарды қазды.
Нәтиже көз алдында – мекеменің жан – жағы таза, жолақтар таза және қарапайым тілмен айтқанда көңіл сүйсінерлік қалып!