ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ
Қазақстанның мемлекеттігі нышаны және оның егемендігі Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Қазақстан Республикасының Әнұраны болып табылады. Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған жоспарланған іс – шаралар шеңберінде, балабақшаның ересек тобының тәрбиеленушілері Мемлекеттік Рәміздер алаңына барды. Тәрбиешілер балаларға Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туының түсі нені білдіретіндігі туралы әңгімеледі. Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет – бұл Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм, белсенді азаматтық ұстанымды білдіреді.