«Тұңғыш Президент күні»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған, іс – шаралар мерекелік ертеңгілігі аяқталды. Балабақшаның барлық тәрбиеленушілері меркелік шеруге қатысты, таза ауада спорттық эстафеталарда жарысты, ұлттық қазақ ойындарын ойнады.
Балалар еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы «Ең бірінші» атты фильмді қызығушылықпен көрді, сонан соң «Қазақстанның картасын жина» ойынында жарысты, «Бәйтерек» сұлбасын мүсіндеді. Барлық іс – шаралардың мақсаты – жас кезінен патриоттық сезімге, өз Отанына және Президентке деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.