АНАЛАР КҮНІ
Ана - әрбір адамға ең жақын, ең қымбатты және ең сүйікті адам. Бала үшін анадан жақын ешкім жоқ. Мерекенің мақсаты - әйел адамға деген ұқыпты қарым – қатынас дәстүрін ұстану, отбасылық тіректі бекіту, біздің өміріміздегі ең маңызды адамды – Ананы ерекше атап өту. Сол себепті Аналар күні балабақшадағы негізгі мерекелердің бірі болып табылады. Біздің балабақшада мереке өте жарқын, жүректері тулаған және қызықты болып өтті: балалар тәрбиешілермен бірге топтарды безендірді; аналарға арнап сыйлықтар дайындады, тақпақтар жаттап, аналар туралы ән орындады.
