25 мен 27 желтоқсан аралығында балабақшаның барлық топтарында жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. Әдемі шырша жарқыраған ертегідегідей безендірілген залда, балалар ертегідегідей қойылымды күтті.
Балаларға қонаққа ертегі кейіпкерлері келді: Мыстан кемпір, Аққала, Кощей, Қар ханшайымы, Қызғаншақ тонаушы, Түлкі және әрине Аяз Ата мен Ақшақар. Ертегі кейіпкерлеріне айналу есебімен, барлық топтарда мереке көңілді және керемет өтті. Ертеңгіліктің соңында Аяз Ата мен оның көмекшісінің қолынан алған сыйлықтар үлкен қуаныш пен эмоцияны тудырды!!!
Балалар мерекесі - бұл балаларға ғана емес, сонымен қатар үлкендер үшін де ерекше оқиға. Өздерінің балаларының көздеріндегі сөзбен жетпес қуанышты көргенде, ата – аналардың өздері бір уақыт балаға айналды.





