"Балабақша әсем безендірілген – себебі бұл балаларда болатын аналар мейрамы"
8 наурыз – барлық балалардың асыға күтетін мейрамдарының бірі. Олар бұл күнге ертеден дайындықты бастайды: қолдан жасалған бұйымдар, открыткалар әзірлейді. № 82 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері 8 наурыз көктемгі әйелдер мерекесін көңілді ертеңгілікпен қарсы алды.
Сүйікті әжелер мен аналарға арналған көптеген өлеңдер оқылды, әндер орындалды, ойындар ойналды, қойылымдар қойылды.



