Өрт қауіпсіздігі
Сәбилер бақшасында жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізу қарсаңында, жаңа жылдық шыршаны орнатуда өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Жаппай шараларды өткізуге жауаптылар өздерінің міндеттерімен танысты. Жаңа жылдық костюмдерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен педагогтар әңгімелесулер өткізді.