Отанды қорғаушылар күні
Балабақшада Отанды қорғаушылар күніне арналған, музыкалық – спорттық мереке болып өтті. Мерекеде тәрбиеленушілер Қазақстанды қорғау туралы ән айтты және өлең оқыды, би билеп ойындар мен қызықты конкурстарға қатысты. Балалар өздерінің ептіліктері мен күштерін және тапқырлықтарын көрсетті, қанатқа шықты, ұшақпен ұшты. Барлық қатысушылар жарысқа жақсы дайындықпен келді, сол себепті достық жеңіске жетті.