Мектепке шығарып салу
2019 жылғы 27 – 28 мамыр балабақшада балаларды мектепке шығарып салуға арналған мереке болып өтті. Балалар балабақшада үйренгендерінің бәрін көрсетті: тақпақ оқу, ән айту, би билеу, достасып бір – біріне көмектесу. Баланың тәрбиесіне қатысушылардың бәрі өздерінің тәрбиеленушілеріне қарап, көз – жастарына ерік берді. Оларды алғашқы қанаттарын қақтырып, құстарды ұшырғандай шығарып салды. Ақ жол, біздің қымбатты бірінші сынып оқушылары!