«Конституция – Ата заңы елімнің»
29 тамыз күні «Конституция – Ата заңы елімнің»тақырыбы бойынша балабақшада ертеңгіліктер өтті. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, педагогтар мектепке дейінгі балаларға Конституция – бұл біздің мемлекеттің негізгі құжаты, бұл құжатта барлық заңдар жазылғаны туралы қолжетімді түрде айтып берді. Конституция Қазақстан Республикасы азаматының –адам бостандығы мен құқығын қорғап кепіл береді. Іс –шара мақсаты балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу, белсенді өмір ұстанымын қалыптыстыруға ықпал ету. Балалар оларға тақпақ оқып, ән айтып, би биледі.