Сенім телефоны
8(718)254-93-56
email: sad82@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718)254-93-56 - басшы 8(718)265-43-16 - бухгалтерлік есеп 8(718)254-93-62 - ауысым
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00- 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мен әлемді бейнелеймін»
04-03-2020 18:50
«Мен әлемді бейнелеймін»

Павлодардың 300 – жылдығына орай біздің тәрбиеленушілер «Мен әлемді бейнелеймін» қалалық конкурсына қатысты. Конкурстың тақырыбы: «Қысқы ертегі», «Қала». Конкурстың мақсаты - өзіңнің Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген ұқыпты қарым – қатынас пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.  

Жұмыс әр түрлі техника тәсілімен орындалды – гуашпен, фломастермен, түрлі – түсті қарындаштармен. Қоршаған ортаның әр түрлі ғажайып сюжеттерін, қаланың көрінісін, қысқы пейзажды бейнелеуге баланың тырысқандығы, тақырыпты ашуда өте қызықты тәсілдерді қолданғандығы әрбір суреттен көруге болады. 

Ерекше жұмысы үшін диплом мен жүлдені біздің тәрбиеленушіміз Рашида Рашит иеленді, 5 жаста. Конкурстың қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

Құттықтаймыз! Әрі қарайғы шығармашылық табыстар тілейміз!