Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)61-03-02
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 22-80-11 вахта 8(7182) 22-80-01 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Қимылды ойынның бала өміріндегі рөлі келесіге негізделеді:
18-04-2025 12:17

Қимылды ойынның бала өміріндегі рөлі келесіге негізделеді:

• Жан-жақты, үйлесімді даму.
Ойын арқылы бала жүру, жүгіру, секіру, тепе-теңдікті сақтау, өрмелеу, лақтыру сияқты маңызды қимыл дағдыларын меңгереді.

• Жеке тұлғалық және моральдық-ерік қасиеттерінің қалыптасуы.
Ойын ережелерін саналы түрде орындау арқылы баланың ерік-жігері, өзін-өзі ұстау қабілеті, төзімділігі, мінез-құлқын бақылау дағдылары дамиды.

• Ұялшақтық пен тұйықтықты жеңу.
Белсенді қимылды ойындар балаға қысылмай, әрекеттен ләззат алуға, жетістікке жету арқылы өзіне сенімді болуға көмектеседі.

• Қимыл белсенділігінің артуы.
Күн бойына ойналған қимылды ойындар баланың жалпы жағдайына және денсаулығына оң әсерін тигізеді.

• Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Қимылды ойын – балалардың бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынас жасауына қосымша мүмкіндік береді.

• Сөйлеу тілін дамыту және сөздік қорды байыту.

• Әсемдікті қабылдау.
Қимылды ойындарда балалар қимылдың сұлулығын, бейнелігін, ырғақ сезімін танып біледі.