Телефон доверия
8(7182)61-03-02
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 22-80-11 вахта 8(7182) 22-80-01 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Қимылды ойынның бала өміріндегі рөлі келесіге негізделеді:
18-04-2025 12:17

Қимылды ойынның бала өміріндегі рөлі келесіге негізделеді:

Жан-жақты, үйлесімді даму.
Ойын арқылы бала жүру, жүгіру, секіру, тепе-теңдікті сақтау, өрмелеу, лақтыру сияқты маңызды қимыл дағдыларын меңгереді.

Жеке тұлғалық және моральдық-ерік қасиеттерінің қалыптасуы.
Ойын ережелерін саналы түрде орындау арқылы баланың ерік-жігері, өзін-өзі ұстау қабілеті, төзімділігі, мінез-құлқын бақылау дағдылары дамиды.

Ұялшақтық пен тұйықтықты жеңу.
Белсенді қимылды ойындар балаға қысылмай, әрекеттен ләззат алуға, жетістікке жету арқылы өзіне сенімді болуға көмектеседі.

Қимыл белсенділігінің артуы.
Күн бойына ойналған қимылды ойындар баланың жалпы жағдайына және денсаулығына оң әсерін тигізеді.

Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Қимылды ойын – балалардың бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынас жасауына қосымша мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілін дамыту және сөздік қорды байыту.

Әсемдікті қабылдау.
Қимылды ойындарда балалар қимылдың сұлулығын, бейнелігін, ырғақ сезімін танып біледі.