Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)61-03-02
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 22-80-11 вахта 8(7182) 22-80-01 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Ереже
02-12-2025 22:15

Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар мен ата-аналарға

 (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттің ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұйрықты орындауға құрылған осы ереже отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдердің) арналған консультациялық пукттің қызметін реттейді.

Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдердің) арналған консультациялық пункті мектепке дейінгі білім берудегі жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беретін мекемелерде ұйымдастырылады.

Консультациялық пункті мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелерінің өзіндік құрылымдық бөлімшесі болып саналады.

Консультациялық пункті білім беру мекемелеріне қатыспайтын 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналып құрылады.

1.2. Консультациялық пункті құру мақсаты — отбасылық және қоғамдық тәрбиенің біртұтастығы мен бірізділігін қамтамасыз етуге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологтық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне қатыспайтын балалардың жеке тұлғалылығын жан-жақты дамытуға қолдау көрсету.

1.3. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері болып:

— білім беру мекемелеріне қатыспайтын 2-6 жастағы балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді игеруді қамтамасыз етуге жан-жақты көмек көрсету;

— мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен оқыту, тәрбиелеудегі түрлі мәселелер бойынша ата-аналарға (заңды тұлғаларға) кеңес беру көмегін көрсету;

— білім беру мекемелеріне қатыспайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;

— білім беру мекемелеріне қатыспайтын мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік және психикалық, дене тәрбиесі жағынан түрлі ауытқушылықтарының кешенді профилактикасын жүргізу;

—  мектепке дейінгі білім берудегі жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беретін мекемелер арасындағы және басқа да балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) әлеуметтік және медициналық көмек көрсететін ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету болып саналады.

 

2. Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру

2.1. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологтық-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мамандардың: тәрбиешілер, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың әрекетіне кіріктіру негізінде құрылады.

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық пункттің қызметі бір мезгілде бір немесе бірнеше арнайы мамандармен өте алады. Консультациялық пунктке қатысты мамандардың саны оның кадрлық құрамы мектепке дейінгі білім берудегі жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беретін мекемелерінің түрі мен типіна сай анықталады.

2.2. Косультациялық пункт кешкі сағаттарда 2-3 рет жұмыс жасайды.

2.3. Косультациялық пункттегі балалар және ата-аналармен (заңды өкілдер) өткізілетін жұмыстар түрлі формада: топтық, шағын топтық, жеке түрінде өтеді. Балалармен жүргізілетін жеке жұмыс ата-аналардың (заңды тұлғалар) қатысуымен ұйымдастырылады.

2.4. Косультациялық пункт өз әрекетін мектепке дейінгі білім берудегі жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беретін мекемелерімен, медициналық мекемелермен, муниципалитет және басқа да ұйымдармен жүзеге асырады. Косультациялық пунктте ата-аналарға (заңды өкілдер) арналған лекторийлер, теориялық және практикалық семинарлар ұйымдастырылады.