2018 жылғы 23 ақпанда сағат 10.00 – де Павлодар қаласы № 44 сәбилер бақшасы аясында №№ 5, 10, 44, 126 мектепке дейінгі мекемелер бірлескен Playhouseshow/ «Уақыт аралық саяхат» атты театралдық қойылым өтті. Аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақ халқының мәдени құндылықтарына деген патриоттық сезім, мақтаныш пен сыйластықты және әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу болды.
Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) өткен театрландырылған шоу басты кейіпкерлері болған көрермен балалар мен ата-аналарға қазақ халқының үшмыңдық тарихына еніп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы барлық дәуірінен өту арқылы, қазақ халқының қазіргі замандағы келбетін көруге мүмкіндік берді.
Бұл шара мектепке дейінгі мекемелерде үштілдікті еңгізуін көрсетті.
Playhouseshow/ «Уақыт аралық саяхат»
