Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Алтын күз мерекесі
27-10-2011 05:41

Алтын күз мерекесі

 

Біздің балабақшада дәстүрлі Алтын күз мерекесі әрбір жас ерекшелік топтарында түрлендіріліп өткізілді. Сәби топтарында «Күз мерейі» болса, ортаңғы топта «Дәрумендер мерекесі» өткізілді. Ересек топтарда «Күзгі ғажайыптар» болса, даярлық топтарында «Күзгі кездесу» атты түрлі сценарийлер жүргізілді. Осы мерекелердің жалпы мақсаты бір. Ол – мереке арқылы күзгі табиғат әсемдігін, ерекшелігін сезіне білуге үйрету. Күзгі табиғаттың, жапырақтың әсемдігін ән арқылы жандандыру. Табиғатты тамашалай білуге, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Мақсаттың орындалу барысында көптеген жұмыстар жүргізілді. Олар: ән айту, өлең жаттау, кейіпкердің көмегімен тапсырмалар орындау, әрі сұрақтарға жауап беру.

Осының барлығын ұйымдастырған ән-күй жетекшілері, яғни А.Т. Садвакасова мен Қ.О. Тулемисова болды. Олар тиісті кейіпкерлерді таңдап, тапсырмаларды да орынды алған.

Жалпы ертеңгілік мақсаттары орындалып, балалардың танымдық белсенділігі артта түсті.