Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІ
26-12-2011 10:17

Құс екеш құстың да бауырына басқан сары балапандарын қанаттандыратын кезеңі де осы тұс. Қарап тұрсаңыз, бізді қоршаған әсем табиғаттың, жыл мезгілдерінің өзіндік сыры мен тылсым құпиясы жетерлік.

Бабақшасында күзге арналған «Алтын күз» мерекесі өткізілді. Мерекеде күздің есігін айқара ашқан, 4-6 жас аралығындағы топ бүлдіршіндері өнер көрсетті. Мерекенің қойылуының негізгі мақсаты – еліміздегі күздің бар байлығын ортаға салып көрсетү. Күздің бас кейіпкері ретінде «Алтын дән» ортаға шақырылды, яғни дән – қасиетті нанымыз болып табылады. Сонымен қатар, мерекені одан әрі көркейте, қызықтыра түсу үшін бүлдіршіндер арасында дидактикалық ойындар ойнатылды, мысалы, өзара екі топқа бөлініп, сайыс өткізу. Бүлдіршіндер жыл мезгілдерін, соның ішінде алтын күздің өзіндік табиғат сырларын білуге деген талпыныстарын түрлі көкөністер көрсету, суреттер салу, өлең, жұмбақтар айту арқылы жеткізуге тырысты. Түрлі жеміс – жидек түрінде киінген бүлдіршіндер шара аясында дөңгелене би-билеп, табиғат туралы дайындаған тақпақтарын мәнерлеп айтты. Айтылған өлеңнен үзінді:

Күз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бақшамызда ендеше,

Алма теру көбейсін.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.