
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылыққа білетін дамытады
ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін
емес».
В.А. Сухомлинский
Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларынмолайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстаржайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.
Құрметті ата-аналар біз сіздерге мына кеңестер мен ұсыныстарды талап етеміз:
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту үшін не жасау керек:
-баланың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді Сіздер үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырсаңыз балаға өте маңызды.
