Сенім телефоны
(87182)518026
Мекенжайы: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Ортаңғы топтын ата-аналар арасында өткен сұхбат
16-06-2012 12:24
Ортаңғы топтын ата-аналар  арасында өткен сұхбат

 

Маусым айы бастамас бұрын, біз ата-аналар жалпы жиналысында  "Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі" атты сұхбат өткіздік. Ең өзекті сұрақтарды көтерген болғанбыз. Осы сұрақтарға назар аударсаңыздар бәріде жақсы болады деп сеңеміз.

бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

-  отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;

- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;