Ересек тобындағы еретегі кейіпкерлерінің қонақжайлығы.
5-6 жастағы балаларға сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін топ тәрбиешілері жаз бойы осы мақсатпен міндеттерді орындауға тырысты.
Жаз бойы осы топтарда және басқа да топтарда аула аланында бір неше түрлі ертегі кейіпкерлері орналасқан. Әр қайсылары өзінің рөлін атқаруда мысалы: «Үш батыр» балалар жоқта ауланың тыныштығын сақтауда, ал «Сиқырлы қолшатыр» ойыншықтарға көленке жасап тұр. «Ақылды бағдаршам» балаларға жолда ақылды бол деп айтуда.
