Сайыс «Зерек бала»
Сайыс «Зерек бала» Қысқы демалыс кезінде «Павлодар қаласының №7 сәбилер бақшасы» МҚКК даярлық «А», «Ә» топтары балаларның білімін тексеру мақсатында «Зерек бала» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл сайыста балалар «Білгіштер» мен «Тапқырлар» ретінде екі топқа бөлініп,өз білімдерін ортаға салды.Сауат ашу пәні бойынша дыбыстардан буын, сөз құрастырды және дыбыстық талдау жасады.Сонымен қатар ребустар шешті, әр түрлі заттарды сипаттады. Кішкентай бүлдіршіндер тапсырмаларды қызыға орындады. Әр тапсырманы дұрыс орындағаны үшін 1 ұпайдан берілді.Жалпы ұпай саны бойынша «Білгіштер», яғни даярлық «А» тобының балалары жеңіске жетті. Балалар ойыншықтармен марапатталды. Осындай сайыстар балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттырады.
