Спорттық сайыс "Денсаулық-Достық-Бірлік"
Бүгін біздің бала-бақшамызда "Денсаулық-Достық-Бірлік" атты спорттық сайысы өткізілді. Бұл сайысқа №54 пен №120 және біздің №7 бала-бақшамыздың тәрбиешілері қатысты.
Бұл сайыстың мақсаты - салауатты өмір салтын сақтау. Спортпен айналысудағы әр түрлі дене шынықтыру әдістерін қолдану.
Сайыс барысында бала-бақша тәрбиешілері бір-бірлерімен жарысып, флешмоб билеп, релаксация жасады. Спорттық сайыстың жүлделі I орынына біздің бала-бақша ие болды. II орын - №120 бала-бақша, III орын - №54 бала-бақша. Құттықтаймыз!!!

