Қош бол, балабақша!
Мамыр айының 26-ы, 30-ы күндері балабақшамыздың түлектеріне арналған қоштасу ертеңгіліктері өткізілді. Балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар балабақша ұжымына деген ризашылықтарын құттықтау сөздері арқылы білдірді. Балалар дипломдармен марапатталды.


