Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Құрметті отандастар сіздерді шын журектен 16-желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
16-12-2010 18:00
Құрметті  отандастар   сіздерді  шын журектен   16-желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Сол бір суық та ызғарлы, қанды қырғын желтоқсан оқиғасында біздің осы бір болашағымызды баянды етуге тырысқан батыр бабаларымыздың аруағына мың алғыс!

Барша мұсылман жұртын, күллі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

86-Желтоқсанның аязды бір күндері,

Мәскеу жақтан бір үкім кеп төндірді,

Біз білмеппіз, өңшең қазақ қас екен,

Бір-біріне неге мұнша, бұл белгі??....

Арыз көпті, болмас былай басқалай,

Колбин барар, көтеріңдер тастамай,

Сен мәңгүртке билік қайда, болмасты,

Деген сөзбен ызалы ойын тастады-ай....

Мұны есітіп бар қазақтың бозымы,

Атқа мінді, шал-шауқаны тозығы,

Арулары шашын түйіп арқаға,

Алаң келіп, ұзына бой созылды....

-Әй қойыңдар болмас былай, тарқаңдар,

Саясатқа қарсы келме, жай таңдар,

Емессіңдер, қане қайтқын бәрің де,

Біз білеміз, кімді қойып, кім таңдар??!!!....

Осы кезде жентектелген қар басы,

Ұшып жатты трибунаға, араласып,

Тасы да бар, іштен шыққан ызамен,

-Қазақ болсын, қазақ болсын Елбасы....

Осы кезде Мәскеу жақтан бір хабар,

Келді-дағы бәрі қалды, қарайлай,

-Жергілікті басшы шешсін тірлікті,

Күш қолдану керек пе екен орайлай???....

Осы күнгі жүрген анау, қолды ұрып,

Кезінде елу еңсермеген сол тұрып;-,

-Сіздер үшін мен-ақ алдым мойынға,

Атып-асып құртып жібер, сол дұрыс....

Әр жер келген милиция бар солдат бар,

Бәрі бірдей жабылғанда аппақ қар,

Қан боялып, суша ақты сарылдап,

Қарды ерітіп, ағып жатты аққан қан....

Қырып беріп төрт мыңдайын қазақтың,

Басқасын да түрме тығып, азаптың,

Неше түрін ойластырған заман да,

Өтіп барар тіліндей боп сағаттың....

Міне халқым мейрам емес мына күн,

Жоқтау айтып, іштен ғана тынатын,

Күн де емес, сол заманды еске алып,

Құран оқып, еске алып тұрар кім??....

Ол мына сен, асқақтатқын үніңді,

Сол залымды табу керек бүгінгі,

-Қырсын деген, оны алған мойынға,

Ортаға алып, көрсет оның түрін де!!