"ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ" АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС
- Баланың құлау жағдайлары көбінесе ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырғандықтан орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз!
- Ешқашан, москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.Керісінше, москит торы трагедияға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Балалар осы торлармен бірге жиі құлайды.
- Баланың терезеге шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.
- Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
- Бала терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.
- Терезе темір торын құрып, терезелерді қорғаңыз. Темір тор балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды.
- Терезеге жақын тұрған төсек немесе жиһаздарда баланың секіруіне жол бермеңіз.
- Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіз.Ересек балаларыңызды іні-қарындастарына, бауырларына қарауға тәрбиелеңіз.
