Халықаралық балаларды қорғау күні, 2020 жылдың 1 маусымы күні № 7 сәбилер бақшасында "Дені саудың-жаны сау ұлт!" атты дене шынықтыру-сауықтыру мерекесі өтті.
1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!
Халықаралық балаларды қорғау күні, 2020 жылдың 1 маусымы күні № 7 сәбилер бақшасында "Дені саудың-жаны сау ұлт!" атты дене шынықтыру-сауықтыру мерекесі өтті. Іс-шараның мақсаты: мектепке дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту. Серіктестік сезімін, шығармашылық ойлауды тәрбиелеу. Бұл іс-шараға балабақшаның барлық тәрбиеленушілері қатысты.
Микки Маус және оның досы Минни балаларға ерекше,қызықты ойындарымен және көңілді билерімен келді, бүкіл балаларды қызықтырды. Мереке соңында балалар сыйлықтарға, жеміс-жидек себетіне ие болды.
